logo

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ШЫҒЫС ҚАРАТҰРЫН» КЕН ОРНЫНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРІЛДІ

2023 жылдың 25 желтоқсанында «Бузачи Нефть» ЖШС компаниясының «Шығыс Қаратұрын» кен орнында 303 апатты ұңғыма оқпаны 303-ST ұңғыма оқпанымен жоспарлы түрде қосылды. Оқпандарды қосқаннан кейін жұмысшы газ горизонтын бастыру мақсатында 303 апаттық ұңғымаға бұрғылау сұйықтығын айдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде газдың шығуы және жануы толығымен тоқтатылды. Сондай-ақ, ұңғымадан судың шығуы да тоқтады.

Ұңғыманы цементтеу және ұңғыма сағасын тығыздау сияқты апатты жоюдың жоспарлы, түпкілікті шаралары күтілуде.

Жұмысты қысқа мерзімде аяқтау жоспарлануда.

БАҚ үшін байланыс:
Данияр Дуйсембаев, «Бузачи Нефть» ЖШС директорының стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары тел: +7 701 777 5858e-mail: duisembayev@buzachineft.kz