logo

«Бузачи Нефть» және Маңғыстау ауданының әкімдігі 50 млн теңгеге әлеуметтік мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасады.

text

Маңғыстау ауданы әкімдігі тарапынан құжатқа әкімнің орынбасары Сейілов Маралбек Мұғайұлы, «Бузачи Нефть» ЖШС тарапынан бас директордың орынбасары Данияр Дүйсембаев қол қойды.

Меморандумның мақсатына сәйкес «Бузачи Нефть» Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Қызан, Ақшымырау, Шебір, Тұщықұдық ауылдарында әлеуметтік жобаларды және инфрақұрылымды дамытуға 50 000 000 (елу миллион) теңге көлемінде өтеусіз қаржылық көмек көрсетеді.

Маңғыстау ауданының әкімдігі қолданыстағы заң шеңберінде берілген өтеусіз қаржылық көмектің мақсатты пайдаланылуына бақылауды ұйымдастырады.

«Бузачи Нефть» өзінің барлық жобаларына, соның ішінде әлеуметтік саладағы жобаларына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Осы Меморандум Маңғыстау өңірінің дамуына зор үлес қосатынына сенімдіміз», – деді Данияр Дүйсембаев.

БАҚ үшін байланыс:
Данияр Дуйсембаев, «Бузачи Нефть» ЖШС директорының стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары тел: +7 701 777 5858e-mail: duisembayev@buzachineft.kz