2023 жылғы 27 тамызда энергетика вице-министрі Асхат Хасенов «Теңіз Қаратұрын», «Шығыс Қаратұрын», «Солтүстік-Шығыс Қаратұрын» және «Оңтүстік Қаратұрын» кен орындарына барды. Атап айтқанда жұмыс сапары барысында апатты жоюға бағытталған жұмыстармен танысу үшін 302, 303, 305-Н, 303-st және 24-Г ұңғымаларында, су қорғау бөгетінде және вахталық қалашықта болды.
2023 жылғы 28 тамызда сарапшылардың, мұнай-газ саласының және жобалау институттарының ардагерлерінің, «Бузачи Нефть» ЖШС, апатты жою штабының және бұрғылау компанияларының қатысуымен техникалық кеңес беруді жалғастыру мақсатында кездесу өткізілді.