Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында француздық Kаyrros SAS компаниясының спутнигіне сілтеме жасай отырып, «Шығыс Қаратұрын» кен орнындағы №303 апаттық ұңғымасынан шыққан метан шығарындыларының жылдамдығы сағатына 35-тен 107 метрикалық тоннаны құрайтыны туралы ақпарат тараған болатын. Ең алдымен, метан шығарындыларының болжамды көлемін автомобиль шығарындыларының көмірқышқыл газымен (CO2) салыстыру дұрыс емес екенін атап өткіміз келеді.
«Бузачи Нефть» жұртшылықты №303 апаттық ұңғымада газ-су қоспасының тұрақты түрде, еш лүпілсіз шығарылатындығы туралы хабардар еткен болатын. Субұрқақ негізінен судан тұрады. Газдың көлемі шамалы, тәулігіне мөлшері 12,000 куб метр және Цельсий бойынша 650 градус температурадағы өрт эпицентрінде метан, экологияға айтарлықтай зиян келтірместен, толықтай жанып кетеді.
2023 жылғы 9 маусымда, 23 маусымда және 30 шілдеде алынған ауа сынамаларының деректеріне сәйкес, орын алған апаттан кейін санитариялық-қорғау аймағындағы атмосфералық ауадағы зиянды элементтердің шекті рұқсат етілген концентрациясының нормалары рұқсат етілген көрсеткіштерден аспайды.
Өндірістік тәжірибеде метанның атмосфераға еркін тарап кетуіне жол бермеу үшін ұңғымалардан метанның тәртіптен тыс бөлінуі кезінде, әдетте, сигналдық зымыран тасығыштың зарядын ату арқылы бөлінген газды әдейі өртеп жібереді.
«Бузачи Нефть» тарапынан ертеректе ұсынылған ақпаратты растау мақсатында қосымша ретінде бейнематериал келтіреміз. Онда зымыран тасығыштан атылған оқ апаттық ұңғыманың үстіндегі бұлттың өртенуіне әкелмегені анық көрсетілген, ол бұлт Kаyrros SAS ақпараты бойынша айтарлықтай метан фракциясын қамтиды: метан бар болған жағдайда жанып тұрған снарядты атқан сәтте оның өртенуін байқаған болар едік.
Осылайша, №303 апаттық ұңғымада субұрқақ негізінен судан тұратындығын ескере отырып, ұңғымадан шыққан бу құрамында аз мөлшерде, яғни құрамы 2%-3% аспайтын метан молекулалары бар ыстық бу бұлттары болып табылады. Өз кезегінде, дәл осы жағдай спутниктік суреттерде байқалған. Сондай-ақ, жанып жатқан ұңғыма ауданында бу түзілу нәтижесінде тұзды жауын-шашын жауып жатады.
Қазіргі уақытта №303 апаттық ұңғымада апат салдарын жою жұмыстары жалғасып келеді. 07.08.2023 жағдай бойынша №305-Н көлбеу бағытталған ұңғыма 410 метрге бұрғыланды. Сондай-ақ, газ горизонттарына су жіберу мақсатында №302 тік ұңғымада бұрғылау жалғасып, 07.08.2023 жағдай бойынша 100 метрге дейін бұрғыланды.