logo

Баспасөз хабарламасы «Бузачи Нефть» ЖШС – «Шығыс Қаратұрын» газ кен орнындағы жағдай туралы

2023 жылдың 9 маусымында Маңғыстау облысының жергілікті уақытымен сағат 3:25 «Бузачи Нефть» ЖШС – «Шығыс Қаратұрын» газ кен орнында мердігер мекеме - «Заман Энерго» ЖШС өткізіліп жатқан №303 барлау ұңғымасының құрылысы кезінде өткізіп алған технологиялық регламенттің бұзылуынан 1088-1090 м кенжарда бұрғылау құралын көтеру кезінде сулы – газ қосындысының шығарындысы орын алды, оның салдарынан ол ашық сулы – газды бұрқаққа айналып, тұтанып жанды.

«Заман Энерго» мердігер мекемесінің барлық қызметкерлері өрт шыққан орыннан дереу эвакуацияланды. «Бузачи Нефть» ЖШС мен «Заман Энерго» ЖШС қызметкерлерінің шұғыл әрі келісілген іс-қимылының нәтижесінде қаза болған жандар жоқ.

«Бузачи Нефть» ЖШС болған оқиға жайлы «КӘАҚҚ Республикалық орталық штабының «Ақ Берен» Маңғыстау бөлімшесін шұғыл түрде хабардар етті, олар тез арада шақыруға жауап қайтарып, ұңғыманың сағасына қатынас құру мүмкіндігі үшін бұрғылау жабдығының демонтажына және жылжытылуына кірісті. Бұрын осы кен орында №300 ұқсас ұңғыма бұрғыланған, мұнда геофизикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әлсіз газ өнімді көкжиек анықталған. Бұрын бұрғыланған ұңғымалардың гидродинамикалық зерттеу деректері бойынша қат қысымы 120 атм., қат температурасы 40 0С құрайды.

Қысқа мерзімде ұңғыма сағасын жылдам сөндіруге жағдай жасайтын әрекеттердің оңтайлы алгоритімін құрау үшін :

Маңғыстау облысының әкімі –Н.А. Ноғаевтың, ҚР Энергетика министрлігінің Вице-министрі – А.Г. Хасеновтың, ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның бас өңіраралық Басқармасы жетекшісінің орынбасары–Н.Ж. Умирбаевтың, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары – С.К. Казакбаевтың және өзге жауапты сала жетекшілерінің, мұнай компанияларының, аймақтық департаменттердің, басқармалардың өзге жетекшілерінің, ғылыми – зерттеу институттарының және жобалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Маңғыстау облысының әкімімен шұғыл мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс қатысушыларымен әрі қарай талқылау барысында мәжіліс билігі төтенше жағдайдың (апаттың) көзін жою мақсатында мәжіліс барысында 303 – те жобалық тереңдігі 1200 м (тігінен) 305-st көлбеу – бағытталған ұңғыма құрылысына Жеке техникалық жоба жобалау бойынша және 1200 м тереңдікке дейін бұрғылауды өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда «Бузачи Нефть» ЖШС № 303 ұңғымада орын алған апатты тезірек жою үшін барлық күш – жігерін салып, тырысып жатыр.

Компаниямен келесі жұмыстар өндірілген:

  • Апатты жою бойынша оперативті штаб құрылған;
  • Апатты жоюдың оперативті жоспары жобаланған;
  • «№303-st көлбеу – бағытталған ұңғыма құрылысына Жеке техникалық жоба» жобаланған;
  • Апаттың туындау себебін анықтау бойынша Мемлекеттік органдардың қатысуымен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр;
  • Апатты жоюдың барлық мүмкін болатын нұсқаларын қарастыру үшін «Halliburton Kazakhstan» және «Schlumberger» шетел компанияларымен кеңесулер өткізілді;
  • Газ көрінуін бірден тіркеу үшін ұңғыма өткізулерін бақылау мен оқпанды бағдарлау бойынша қосымша мердігер ұйымдар іздестірілуде;
  • Көлдеу – бағытталған ұңғыма құрылысы мен бұрғылау жабдығын монтаждау үшін алаңша мен жол құрылысы аяқталған;
  • Сулы – газды қоспа алауынана бу сұйық түрге айналуынан пайда болған судың ағуын алдын алу үшін апаттық ұңғыма айналасына үйме жасау бойынша жұмыстар аяқталды.

«Бузачи Нефть» ЖШС осы мәселені жылдам шешуге көмектескен барлық компанияларға, мемлекеттік басқару өкілдері мен органдарға шын жүректен өз алғысын білдіреді. Жағдайдың күрделілігін ескере отырып, біздің барлық әрекеттеріміз жұмыстарды қауіпсіз өткізуге, адамдардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталғандығын куәландырамыз.

СМИ-ге хабарласу үшін байланыс:
Данияр Дүйсембаев, бас директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Duisembayev@buzachineft.kz