logo

«Шығыс Қаратұрын» кен орнында №303 апатты ұңғымада апаттың салдарын жою бойынша жұмыстардың екінші, қорытынды кезеңі өтіп жатыр

text

2023 жылғы 9 маусымда «Шығыс Қаратұрын» кен орнында мердігер ұйым «Заман Энерго» ЖШС технологиялық ережелерді сақтамауына байланысты газды-су қоспасы атылып, кейіннен ол ашық газ-су фонтанына айналып, арты отқа ұласқан апатқа мұнай-газ саласының сарапшыларының есебінше ең күрделі деңгей беріліп отыр. Себебі, №303 апатты ұңғыма кенеттен газ немесе су атқылауға бейім сор, батпақты аймақта орналасқан. Оның үстіне апатты жою жұмыстарының қиындығы №303 ұңғыманың каротаж деректерінің, атап айтқанда ұңғыманың 460 метрден төмен орналасқан апатты оқпаны туралы ақпараттың жоқтығымен байланысты.

Бастапқыда апаттың салдарын жою бойынша штаб №303-ST және №305-Н екі қиғаш-бағытты босатушы ұңғымалар, сондай-ақ №302 тік ұңғыма бұрғылаудың жеке техникалық жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Осылайша, 2023 жылдың 12 қазанында №305-Н қиғаш-бағытты босатушы ұңғыманы бұрғылау 1305 метр тереңдікте аяқталды. 303-ST ұңғымасы №303 апатты ұңғыма бағытында бұрғыланып жатыр, оның мақсаты екі оқпанды қосу. №302 ұңғыманы бұрғылау 2023 жылдың 12 қазанында 1220 метр тереңдікте аяқталды. №302 және №305-Н ұңғымаларында тесік жасалып, 2023 жылдың 13 қазанынан бастап жұмысшы газ қабатын суға толтыру және оқшаулау мақсатында тұрақты, күнделікті су айдау жүргізіліп келеді. 2023 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша 40 000 м3 астам су жіберілді. Нәтижесінде апатты ұңғымадан газдың шығуы айтарлықтай төмендеп, соның салдарынан жалынның қарқындылығы төмендеді. Бұл апаттың салдарын жою бойынша жұмыстардың бірінші кезеңінің аяқталуы.

№305-Н ұңғымасын бұрғылау аяқталғаннан кейін каротаждық зерттеулер жүргізіліп, №303 апатты ұңғыма бойынша барлық қажетті көлемдегі геологиялық деректер жиналды. Жасалған зерттеулер негізінде қалыңдығы 2 метрден аспайтын екі шағын газ горизонты (Юрский 1 және 2) жұмыс істеп тұрғанын анықталды. Осы ақпарат негізінде Штаб 303-ST ұңғысының жобалық тереңдігін 460 метрден 1040 метрге өзгерту туралы шешім қабылдады. Осылайша 303-ST ұңғымасы №303 авариялық ұңғымасымен 1040м (тігінен) тереңдікте қосылатын болады. Екі ұңғыманы жалғағаннан кейін 303-ST ұңғымасы арқылы №303 ұңғыманың апаттық оқпанына цементке айналатын ауыр бұрғылау ерітіндісін айдау басталады. Ол газдың шығуын толығымен тоқтатады.

Ауыр бұрғылау ерітіндісін айдауды 2023 жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бастау жоспарланып отыр. Штабтың жоспары бойынша бұл кен орнындағы апатты жою жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ.

303-ST ұңғымасының жобалық тереңдігінің өзгеруіне байланысты МБК-125 бұрғылау қондырғысы осы жұмысты орындау үшін тиімдірек ZJ-20 бұрғылау қондырғысына жедел түрде ауыстырылды. 303-ST және №303 ұңғыма оқпандарын барынша қауіпсіз және дәл қосу үшін, Бузачи Нефть компаниясы апаттық ұңғыма оқпанының орнын каротажды деректерсіз дәл анықтауға мүмкіндік беретін жоғары дәлдіктегі телеметриялық жабдықтар мен акустикалық және магниттік арақашықтықты анықтау жүйелерін алдыртты.

Газды оқшаулап, су бұрқағын бақылауға алған соң, апаттық ұңғыманың сағасын тығыздау бойынша алдағы шараларды ескере отырып, компания апаттың салдарын жою бойынша барлық шараларды 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

БАҚ үшін байланыс:
Данияр Дуйсембаев, «Бузачи Нефть» ЖШС директорының стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары тел: +7 701 777 5858e-mail: duisembayev@buzachineft.kz