logo

Ақпараттық хабарлама: алаяқтық әрекеттерден сақ болуыңызды сұраймыз

Құрметті әріптестер,

Соңғы айда өздерін ҚР мұнай өндіруші компанияларының, оның ішінде «Бузачи Нефть» ЖШС-нің қызметкерлері ретінде таныстыратын алаяқтардың, сондай-ақ «Бузачи Нефть» ЖШС және басқа да компаниялардың атынан мұнай мен мұнай өнімдерін экспортқа шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатқан сияқты жалған делдал-компаниялардың белсенділігі күрт артып кетті

Сіздерден қырағылық танытуды және өздерін «Бузачи Нефть» ЖШС-нің қызметкерлері немесе уәкілетті өкілдері ретінде көрсететін өкілетті емес тұлғалармен, оның ішінде жалған және ойдан шығарылған шетелдік өкілдермен келіссөздерге бармауды сұраймыз. Сондай-ақ «Бузачи Нефть» ЖШС-нің уәкілетті және нақты қызметкерімен байланыста екеніңізге сенімді болмайынша алаяқтық жолмен жасалған құжаттарды, анықтамаларды, шот-фактураларды қабылдамауды және қандай да бір келісімдер жасамауды, төлем жасамауды сұраймыз.

«Бузачи Нефть» ЖШС компаниясының мұнай, мұнай өнімдерін немесе басқа да тауарлар мен қызметтерін сатуды жүзеге асыратын шетелдік делдалдары, өкілдері, трейдерлері жоқ екенін растаймыз. Бұл ықтималдығы жоғары алаяқтардың әрекеті.

Барлық жағдайларда, өзара әрекеттесуді бастамас бұрын және алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін тараптардың заңдылығы мен құзыреттілігін тексеру қажет.

«Бузачи Нефть» ЖШС байланыс деректері қоңырау шалу немесе хат алмасу үшін біздің веб-сайтта көрсетілген: buzachineft.kz

Құрметпен,

Сәуле Асанова
«Бузачи Нефть» ЖШС бас директоры